Пашинян Арменияның премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

0
516


Пашинян Арменияның премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

ERNUR.KZ. Армения президенті Ваагн Хачатурян Никол Пашинянды елдің премьер-министрі қызметіне қайта тағайындады, деп жазады Zakon.kz

Негізгі заңға сәйкес, жаңа парламенттің өкілет мерзімі басталғаннан кейін президент Ұлттық жиналыста басым дауысқа ие болған саяси күштің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды.


Парламент сайлауының қорытындысы бойынша биліктегі "Азаматтық келісім" партиясы 64 мандатқа ие болып, жаңа үкіметті өз бетінше жасақтауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ парламентке "Күшті Армения" блогы (29 мандат) және "Армения" блогы (12 мандат) өтті.

Бұған дейін Пашинян бастаған үкімет жаңа шақырылымдағы Ұлттық жиналыстың жұмысын бастауына байланысты отставкаға кеткен еді. Мұндай тәртіп Армения Конституциясында қарастырылған.