Өзбекстанда аптап ыстыққа байланысты балабақшалар уақытша жабылды

0
128

"Узгидромет" бүгіннен бастап ауа температурасы +45 градусқа дейін көтерілетінін хабарлады.


Өзбекстанда аптап ыстыққа байланысты балабақшалар уақытша жабылды

Фото: nova24.uz

ERNUR.KZ. Елде аптап ыстықтың екінші толқыны басталды, деп жазады inbusiness.kz.

Осыған байланысты Қарақалпақстан Республикасының 3 бірдей аймағында мемлекеттік балабақшалардың жұмысы тоқтатылды. Жергілікті билік өкілдері сәбилердің денсаулығына қауіп төнбеуі үшін және санитарлық нормаларды сақтау мақсатында осындай шешім қабылдаған. Яғни, күн шамадан тыс ысыған мезгілде тамақтан улану немесе өткір ішек инфекцияларын жұқтыру секілді жағдайлар болуы мүмкін.

Дәрігерлер мен төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарға ыстықтан барынша қорғану қажет екенін ескертіп жатыр.