Өзбекстан Дубайдағы IT мамандарын өзіне тартуда

0
81

Таяу Шығыстағы әскери жағдайдың ушығуына байланысты елде IT-виза беруге бағытталған ауқымды кампания іске қосылды.


Өзбекстан Дубайдағы IT мамандарын өзіне тартуда

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Өзбекстан қазіргі уақытта Дубайда жұмыс істеп жүрген IT мамандарды тарту мақсатында халықаралық науқан бастады, деп жазады zakon.kz.

Таяу Шығыстағы әскери жағдайдың ушығуына байланысты елде IT-виза беруге бағытталған ауқымды кампания іске қосылды. Бұл жағдай Біріккен Араб Әмірліктеріне де айтарлықтай әсер еткен.

IT Park Uzbekistan дайындаған жарнамалық материалдарда бағдарламашылар мен технологиялық кәсіпкерлерге Өзбекстанға қоныс аудару ұсынылады. Осы тұрғыда ел өзін саяси тұрғыдан бейтарап әрі қауіпсіз мемлекет ретінде таныстырып отыр.

Хабарландыруда 3+2 жыл мерзімге IT-виза алу мүмкіндігі қарастырылғаны және үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетіні айтылған. Сонымен қатар әлеуетті мамандарға айына 4 мың долларға дейін жалақы төленетіні, елде 2600-ден астам технологиялық компания бар екені және өмір сүру құнының салыстырмалы түрде төмен екені атап өтілген.

Ал Дубайдың өзінде әлеуметтік желілерде қауесет таратып, күмәнді бейнероликтер жариялағандар жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені ескертілді.