Нөсер жауын басталған сәрсенбіден бері 14 мыңнан астам адам 15 ірі қала мен провинциядағы баспаналарды паналады.
Фото: Yonhap
ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда өткен аптада басталған толассыз жауын мен көшкін салдарынан соңғы мәлімет бойынша 18 адам қаза тауып, тағы 9 адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп жазады inform.kz.
Оңтүстік Кореяның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жексенбі күні кешкі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша оңтүстіктегі Санчхон уезінде 10 адам, солтүстіктегі Капхен уезінде екі адам және батыстағы Сосан қаласында екі адам қаза болды.
Нөсер жауын басталған сәрсенбіден бері 14 мыңнан астам адам 15 ірі қала мен провинциядағы баспаналарды паналады.
Материалдық шығын қомақты болды: жексенбі күні кешке мемлекеттік инфрақұрылымға 1999, жеке меншікке 2238 зақым келу дерегі тіркелді.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда үш күн қатарынан жауған нөсер жауын салдарынан 4 адам мерт болғанын жазған болатынбыз.