Оңтүстік Кореяда "кедейлер картасы" іске қосылды

0
97

Қазір картада ел бойынша шамамен мыңға жуық тамақтану орны тіркелген.


Оңтүстік Кореяда

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда "Кедейлер картасы" деп аталатын интерактивті карта бар сайт жылдам танымал болып келеді. Бұған басты себеп – азық-түлік бағасының қымбаттауы мен инфляцияның өсуі, деп жазады zakon.kz.

MBN жергілікті телеарнасының мәліметінше, соңғы жылдары елде тамақ бағасы күрт өсіп, бұл халық үшін, әсіресе студенттер үшін үлкен мәселеге айналған.

Сондықтан қазір көп адам үнемді нұсқаларды іздеп, бағасы қолжетімді кафе мен мейрамханаларға жүгінуде.

"Соңғы бес жылда шикізат құнын қоса алғанда, жұмыс шығындары шамамен 50%-ға өсті. Сол себепті мейрамханалардың көпшілігі бағаны көтеруге мәжбүр болды",- делінген репортажда.

Осыған байланысты қолжетімді орындарды табуға "онлайн кедейлер картасы" көмектеседі. Пайдаланушылар бұл картаға арзан кафе, мейрамханалар мен шағын дәмханаларды белгілеп, өз тәжірибелерімен және ұсыныстарымен бөліседі.

Қазір картада ел бойынша шамамен мыңға жуық тамақтану орны тіркелген. Сайт әкімшісі қысқа уақыт ішінде оны шамамен 150 мың адам пайдаланғанын мақтанышпен атап өтті.