Енді Алматыдағы медициналық ұйымдар дәрігер қабылдауына электрон түрде жазылуға кедергі келтіретін шектеулерді жойып, қабылдау кестесінің үнемі жаңартылып отыруын қамтамасыз етуге тиіс.
ktk.kz
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда дәрігерге қаралу кезегін реттеуді талап етті. Бұл мәселе қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы алқасының отырысында көтерілді, - деп жазады Tengrinews.kz.
Жиында Денсаулық сақтау министрі мәселе шешілмесе, жауапты басшылардың қызметінен босатылуы мүмкін екенін де ескертті.
"Берілген тапсырмаларды орындауға немқұрайлы қарауға жол берілмейді. Министрлік олардың орындалуын бақылайды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті комитеттерге тексеру жүргізіп, өз құзыреті шегінде шара қабылдау тапсырылды. Егер жағдай оңалмаса, тиісті басқарушылық шешімдер қабылданады", – деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Енді Алматыдағы медициналық ұйымдар дәрігер қабылдауына электрон түрде жазылуға кедергі келтіретін шектеулерді жойып, қабылдау кестесінің үнемі жаңартылып отыруын қамтамасыз етуге тиіс.
Бұл талаптардың орындалуы үшін емхана басшыларының медициналық қызметтің қолжетімділігіне қатысты жауапкершілігін күшейту тапсырылды. Министрдің айтуынша, медициналық ұйым басшыларының жұмысы ең алдымен тұрғындардың дәрігер қабылдауына қаншалық оңай жазыла алатынына қарай бағалануы керек.


