​ШЫМКЕНТТІК ПЕДАГОГ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТА АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

0
158


​ШЫМКЕНТТІК ПЕДАГОГ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТА АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

ERNUR.KZ. Ақтау қаласында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша «Цифрлық модельдеу» құзыреттілігінен республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.


Байқауға еліміздің 7 өңірінен келген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатысып, кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын сынға салды. Қатысушылар цифрлық модельдеу бағытындағы біліктіліктері мен заманауи технологияларды қолдану шеберлігін көрсетті.

Конкурс қорытындысы бойынша Шымкент Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің арнайы пән оқытушысы Алтынай Умербаева үздік нәтижемен І орын иеленіп, алтын медальмен марапатталды.

Бұл нәтиже – ұстаздың кәсіби біліктілігі мен үздіксіз ізденісінің, білім беру саласындағы тәжірибесі мен шеберлігінің жемісі. Сонымен қатар, аталған жетістік Шымкент қаласының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білікті педагогтер даярлау мен олардың кәсіби әлеуетін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызын айқындайды.

Республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен педагогтің жетістігі – қаладағы білім беру саласының мерейін арттыратын маңызды көрсеткіш.