Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

0
136


Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі 2027–2028 жылдарға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жеке құрамын тамақтандыру қызметтерін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізуді жоспарлап отыр.

Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңында көзделген ережелерге сай, конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.

Конкурсты ұйымдастырушы – Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік сатып алу орталығы.

Жоспарланған сатып алу жөніндегі ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланады.