Оңтүстік Кореядағы Ауруларды бақылау және алдын алу басқармасының мәліметі бойынша, сәрсенбіде ғана 100 адам медициналық көмекке жүгінген.
Фото: Yonhap
ERNUR.KZ.   Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, маусым айынан басынан бері Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 630-дан астам адам зардап шекті, деп жазады inform.kz.
Үкімет статистика жүргізе бастаған 15 маусымнан бері аптап ыстықтан ауырғандардың саны 633-ке жетті. Оның ішінде 5 адам көз жұмған.
Оңтүстік Кореядағы Ауруларды бақылау және алдын алу басқармасының мәліметі бойынша, сәрсенбіде ғана 100 адам медициналық көмекке жүгінген.
Науқастардың көпшілігі, яғни 82,9%-ы – ашық ауада болған кезде симптомдарды сезінген. 
Қазіргі кезде аталған елдің басым бөлігінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды. Кёнги провинциясында ауа температурасы 35 градусты көрсетіп тұр. 
            
 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
