Оқушы үзіліс кезінде тоқашқа қақалып, қайтыс болды

0
147

​Нарткала қаласында қайғылы оқиға болған.


Оқушы үзіліс кезінде тоқашқа қақалып, қайтыс болды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Кабардино-Балкарияның Нарткала қаласында 13 жастағы 7-сынып оқушысы үзіліс кезінде тоқашқа қақалып, көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға №3 мектептің жанында болған. Үзіліс кезінде оқушы жақын маңдағы дүңгіршектен тоқаш сатып алып, сабаққа қайтып келе жатып оны жеген.

Тергеу деректеріне сәйкес, оқушы бір сәтте тамаққа қақалып, есінен танып қалған. Сол маңда болған мектеп қызметкерлері дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.

Алайда дәрігерлер келгенше баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі асфиксия (тұншығу).

Қайғылы оқиға Кабардино-Балкария Республикасының тергеу комитетінің бақылауына алынды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар, оның ішінде сот-медициналық сараптама тағайындалды.