"Никс" футбол клубының жеңісі Нью-Йоркте жаппай тәртіпсіздікке ұласты

0
79

"Сан-Антонио Сперсті" жеңгеннен соң мыңдаған жанкүйер қала көшелеріне шыққан.


Фото: BILD

ERNUR.KZ. Олар пиротехника қолдану арқылы көліктерді бүлдіріп, автобустарды өртеп және полиция қызметкерлеріне қарсы іс-әрекеттер жасаған, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша, "Нью-Йорк Никс" клубының 53 жылдан кейінгі алғашқы чемпиондығын тойлауы жаппай тәртіпсіздікпен аяқталып отыр.

Жанкүйерлердің басым бөлігі жеңісті бейбіт түрде атап өтсе де, кейбірі агрессивті мінез көрсеткен.

FreedomNews жариялаған бейнежазбада 2 адамның полиция көлігінің үстіне шығып, алдыңғы әйнегін сындырғаны анық байқалады. Ал New York Post басылымының мәліметінше, "Сан-Антонио Сперс" командасының бір жанкүйері ашулы топтан қашып, полиция көлігіне жасырынуға мәжбүр болған.

Тәртіпті қамтамасыз ету үшін Манхэттен көшелеріне толық қорғаныс құралдарымен жабдықталған жүздеген қарулы полиция қызметкері шықты. Атты полиция жасағы да жиналғандарды таратуға әрекет еткен.

Тәртіпсіздікке қатысушылар қоғамдық көліктерге мініп, тұрақта тұрған мектеп автобустарының үстіне шығып, оларды бүлдірген. Кем дегенде бір автобус өртенген. Қазіргі уақытта бірнеше адам ұсталды.