NASA цунами бағытын ерте анықтаудың жолын тапты

0
109

NASA алғаш рет жаңа жер серігі жүйесі арқылы цунамиді нақты уақытта анықтайтын құрылғы ойлап тапты.


NASA цунами бағытын ерте анықтаудың жолын тапты

Фото: mk.ru

ERNUR.KZ. Аталған жүйе Камчатка маңындағы зілзаладан туған цунамидің бағытын дер кезінде болжады, деп жазады inbusiness.kz.

Нәтижесінде қауіп туралы алдын ала ескерту жасалып, миллиондаған адам эвакуацияланды. Биыл шілдеде Камчатка түбегінің маңында 8,8 балдық қуатты жер сілкінісі тіркелді. Дүмпуден цунами қалыптасты. Толқындар сағатына 640 шақырым жылдамдықпен тарап, бірнеше минуттың ішінде қауіп дабылы қағылды. Табиғи апат кезінде жерсеріктік навигация жүйелері кедергілерге тап болған еді.

NASA жасап шығарған жасанды интеллект негізіндегі "Guardian" жүйесі апатты алдын ала анықтап, бақылауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жағалауға жақын орналасқан өңірлерден 2 миллионнан астам адам эвакуацияланды.

Ғалымдар жүйенің көмегімен цунамидің бағытын қадағалап, оның жағалауға жетуін 40 минут бұрын болжады. Тың технология табиғи апаттардан қорғануды жаңа деңгейге көтерді.