Минск Украина бойынша келіссөз жалғасуы үшін бәрін жасауға дайын – Беларусь СІМ

0
98

Беларусь Украинадағы жағдайды реттеу бойынша мазмұнды келіссөз жүргізу үшін бәрін жасауға дайын және оның қатысушысы болуға мүдделі.


Минск Украина бойынша келіссөз жалғасуы үшін бәрін жасауға дайын – Беларусь СІМ

фото: БелТА

ERNUR.KZ. Бұл туралы республика сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Лукашевич мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Беларусь Украинадағы жағдайды бейбіт реттеу мәселелері бойынша мазмұнды келіссөздерді жалғастыру үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға дайын және олардың тікелей қатысушысы болуға мүдделі. Келіссөз үстелінде Беларусьтің дауысы естілуі керек, ал соңғы келісімдерде беларусь тарапының да мүдделері ескерілуі керек", - деді Лукашевич Бразилияның O Mundo Diplomático басылымына берген сұхбатында.
Сұхбат мәтінін Беларусь Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратты.