​Мәскеуде 9 мамырдағы парад әскери техникасыз өтеді

0
79

Парадта жаяу жүргіншілер колоннасының құрамында РФ Қарулы Күштерінің барлық жоғары әскери оқу орындары және әскер түрлерінің әскери қызметкерлері қатысады.


​Мәскеуде 9 мамырдағы парад әскери техникасыз өтеді

Фото: АЗЕРТАДЖ

ERNUR.KZ. Ресей Қорғаныс министрлігі бұл шешім қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданғанын жеткізді, деп жазады inform.kz.

Парадта жаяу жүргіншілер колоннасының құрамында РФ Қарулы Күштерінің барлық жоғары әскери оқу орындары және әскер түрлерінің әскери қызметкерлері қатысады. Алайда әскери курсанттардың қатысуы қарастырылмаған.

- Қазіргі жағдайға байланысты Суворов және Нахимов училищелері, кадет корпустарының тәрбиеленушілері, сондай-ақ әскери көлік колоннасы биыл әскери шеруге қатыспайды, - делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство сондай-ақ шерудің авиациялық бөлігінде Қызыл алаңның үстінен ресейлік пилотажды авиатоптарының ұшақтары ұшатынын, ал шерудің соңында Су-25 шабуылдаушы ұшақтарының ұшқыштары Мәскеу аспанын Ресей туының түстерімен бояйтынын мәлімдеді.