Лукашенко Украинадағы қақтығыста жеңімпаз болмауы мүмкін екенін айтты

0
69

Беларусь президентінің пікірінше еуропалықтар Украинада бейбітшілік орнауын қаламайды.


Лукашенко Украинадағы қақтығыста жеңімпаз болмауы мүмкін екенін айтты

фото: Пресс-служба президента Беларуси

ERNUR.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинадағы қақтығыста жеңімпаз болмауы мүмкін екенін, ал егер жеңімпаз табылса, ол Еуроодақ болмайтынын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Соғысты тоқтату қажет. Бұл соғыста жеңімпаз болмай ма деп алаңдаймын, бұл — қасірет. Неліктен болмайтынын білесіздер ме? Ал егер жеңімпаз табылып жатса, ол Еуропалық одақ болмайды. Америка Еуродақты қолдауды тоқтатса, олар жеңімпаз бола алмайды", — деді ол Бішкекте "Россия 1" журналисіне берген сұхбатында.
Беларусь президентінің пікірінше еуропалықтар Украинада бейбітшілік орнауын қаламайды.

"Олар кез келген нәрседен ілік іздеп отыр. Сондықтан әңгіме бұл бейбіт келісім жобасының (АҚШ ұсынған келісім жобасы – ред.) мазмұнында емес. Еуропалықтар бейбітшілікті қаламайды. Мен оларға соғыс не үшін керек екенін түсінбеймін. Олар жеңіске жете алмайды", - деп түйіндеді Лукашенко.