Оқиға орнында шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеуде.
Фото: Tommy Robinson / Х
ERNUR.KZ. Ағылшын Премьер-лигасындағы жеңісті атап өтіп жатқан «Ливерпуль» футбол клубының жанкүйерлер тобын көлік басып кетті. Оқиға Ливерпуль қаласының орталығында орын алған. Бұл туралы Euronews хабарлады, деп жазады inform.kz.
— Бүгін, дүйсенбі, 26 мамыр күні кешкі сағат 18.00 шамасында Уотер-стрит көшесінде көлік бірнеше жаяу жүргіншіні қағып кетті деген хабар алдық, — делінген полиция мәлімдемесінде.
Полицияның айтуынша, көлік бірден оқиға орнында тоқтатылған, ал жүргізуші тұтқындалған.
— Оқиға орнында шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Жаңа мәліметтер түскен сайын хабарлап отырамыз, — деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.
Айта кетейік, дәл осы дүйсенбі күні «Ливерпуль» футбол клубы жеңісіне орай қала ішінде автобуспен шеру өткізген болатын. Мыңдаған жанкүйер сүйікті командасын қарсы алуға жиналған.