​Қытайда Сяотао есімді робот мектеп «бітіріп», нарыққа шықты

0
230

Бұл роботтарға арналған виртуалды мектепте роботтар кеңістікті түсіну және өзара әрекеттесу сияқты тақырыптарды меңгеруі тиіс.


​Қытайда Сяотао есімді робот мектеп «бітіріп», нарыққа шықты

Фото: pexels.com

ERNUR.KZ. Қытайдың Цзянсу провинциясындағы робот компаниясы өздері әзірлеген Сяотао есімді роботты Ханчжоу қаласындағы Manycore Tech Inc компаниясына «оқуға» жіберді, деп жазады inform.kz.

Бұл роботтарға арналған виртуалды мектепте роботтар кеңістікті түсіну және өзара әрекеттесу сияқты тақырыптарды меңгеруі тиіс. Осыған дейін роботтарды дәстүрлі оқыту құны жоғары және тиімділігі төмен болып, салаға дамудың қажеттігі туындаған еді. Ал Ханчжоу қаласындағы Manycore Tech Inc компаниясында жинақталған 362 миллионнан астам 3D модельдер роботтарды оқытуға арналған жоғары сапалы «оқу материалдарына» айналды.

Робот-ми инженері Чжоу Чухань компьютерде роботқа әртүрлі пішіндегі есік тұтқаларын орнату, шкаф есіктерін басқаша құру, есіктердің ашылу механизмін кездейсоқ өзгерту сияқты «сұрақтар» қояды.
«Сяотао» роботының мектепке алғаш кірген кездегі қабылдау әрекеті төмен болған. Жүйелі жаттығулардан кейін ол кедергілерді еркін жеңіп, қозғалыс дәлдігі 90%-дан асырды.
Осылайша, «Сяотао» оқуын аяқтап, нарыққа шықты. Ол әуежайлар, пилотсыз дәріханалар, интеллектуалды сақтау орталықтары сценарийлеріндегі тапсырмаларды сәтті орындай бастады. Виртуалды мектеп роботтардың оқу тиімділігін ондаған есе арттырып, ғылыми зерттеу мен әзірлеу және өндіріс жылдамдығын жоғарылатты.