Қытайда қорқынышты пандемияға алып келуі мүмкін жаңа коронавирус табылды

0
120

Бұл вирус өлімге әкелетін MERS-CoV вирусының туысы.


Қытайда қорқынышты пандемияға алып келуі мүмкін жаңа коронавирус табылды

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Америкалық ғалымдар HKU5-CoV-2 атты түйеден адамға жұғатын вирус табылды, деп жазады stan.kz.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл вирус өлімге әкелетін MERS-CoV вирусының туысы. MERS-CoV – Таяу Шығыс респираторлық синдромын тудыратын, түйеден адамға жұғатын және жұқтырғандардың үштен бірінің өміріне қауіп төндіретін зоонозды вирус. HKU5 алғаш рет қытайлық зерттеушілер тарапынан жарқанаттардан табылған. Дәл осы зертханадан 2020 жылғы пандемияға себеп болған SARS-CoV-2 вирусы таралған болуы мүмкін.

Вашингтон штаты университетінің вирусология профессоры әрі зерттеу авторларының бірі Майкл Летконың айтуынша, HKU5 вирустары бұған дейін толық зерттелмеген. Летконың сөзінше, вирустың ақуыз құрылымында бір өзгеріс жасалса, ол адамның ACE2 рецепторларымен байланыс орната алады. Бұл рецепторлар мұрын, тамақ және ауыз қуысы жасушаларында орналасқан.

Қазіргі таңда вирус тек жарқанаттарға жұғады. Бірақ сарапшылар Қытайдағы жабайы жануарлармен заңсыз сауда кең етек жайып келе жатқанын және бұл жағдай аурудың таралу қаупін күшейтетінін айтады. HKU5-CoV-2 вирусының үлгілері Қытайдың оңтүстік және шығыс провинцияларынан алынған сынамалардан анықталған.

Ғалымдар тәжірибе үшін HKU5 вирусының тікенекті ақуызы бар псевдовирустарды (яғни адамға қауіпсіз вирустық бөлшектерді) қолданды. Бұл псевдовирустар түрлі жасушаларға, кейбірі жарқанаттың, басқалары адамның ACE2 рецепторларына енгізілді. Егер вирус жасушаға еніп, көбеюге қабілетті болса, ол жасыл түске боялатын жарық шығарады.

HKU5-CoV-2 вирусы алғаш рет 2025 жылдың ақпан айының соңында анықталды. Сол сәттен бастап ғалымдар оның адам үшін қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті. Олар бұл вирустың иелерінің ауқымы кең болуы мүмкін екенін және бір түрден екінші түрге өту қабілеті жоғары екенін мәлімдеді. Дегенмен, бұл вирустың жұқпалылығы COVID-19-ға қарағанда әлдеқайда төмен дейді ғалымдар.

Ғалымдарды алаңдататыны – егер бұл вирус өзге жануарларға жұқса, онда ол мутацияға ұшырап, адамға да оңай жұға алатындай қабілетке ие болуы.