Купальник дефилесі болмайды: Рамазан айына байланысты Қазан қаласындағы сұлулық байқауына өзгерістер енгізілді

0
145

Байқау 1–8 наурыз аралығында өтеді.


Купальник дефилесі болмайды: Рамазан айына байланысты Қазан қаласындағы сұлулық байқауына өзгерістер енгізілді

Сурет: Telegram/MISS BRICS 2026

ERNUR.KZ. Татарстан астанасында өтетін "Miss BRICS" сұлулық байқауы Рамазан айының кіруіне байланысты шомылу киімдерінің дефилесінсіз өтеді, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы 18 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында байқау президенті Динара Саляхова мәлімдеді.

"Бізде ораза айы басталады, сондықтан бағдарламада купальник қарастырылмаған. Қонақтар келетіндіктен, олардың барлығына қыздар спорттық киіммен шығатынын алдын ала ескерттік", – деді ол.

Өз кезегінде Татарстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Лейла Фазлеева купальниксіз формат бастапқыдан-ақ жоспарланғанын айтты.

Байқау 1–8 наурыз аралығында өтеді. Оған БРИКС елдерінен 19 мемлекеттің өкілдері қатысады. Атап айтқанда, Бразилия, Үндістан, Қытай, Қазақстан, Таиланд, Египет, Оңтүстік Африка Республикасы, Нигерия, Вьетнам, Малайзия және басқа елдер бар.

Қатысушылар үш жас санатына бөлінеді:

  1. Miss BRICS – 18 бен 25 жас аралығындағы арулар;
  2. Mrs BRICS – 30 жастан асқан, тұрмыстағы әйелдер;
  3. Little Miss BRICS – балалар.

Қазақстан атынан әзірге екі қатысушы белгілі. Оның бірі – 35 жастағы блогер, кәсіпкер, екі баланың анасы Ольга Мигунова.

Екінші қатысушы – Арина Каторгина. Балақай тай боксымен айналысады.