Бұл туралы Моңғолияның премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ хабарлады.
Фото: iStock
ERNUR.KZ. Оның сөзінше, елдің сыртқы қарызы толықтай өтелген, деп жазады inbusiness.kz.
Үкімет басшысы мемлекет өз қаражаты есебінен "Самурай" облигациялары бойынша қалған берешекті толық жапқанын айтты. Бұл қарыз көлемі шамамен 30 миллиард тугрик немесе 200 миллион АҚШ долларына тең.
– Моңғолияның "Самурай" облигациялары бойынша берешегін толық өтегенін хабарлағым келеді. Осылайша, жаңа жыл қарсаңында біз сыртқы қарыздан толықтай арыла алдық, – деді премьер-министр.
Айта кетейік, "Самурай" облигациялары – Жапония нарығында иенамен шығарылатын қарыздық бағалы қағаздар. Оларды шетелдік үкіметтер мен компаниялар қаржы тарту мақсатында пайдаланады. Моңғолия да бұған дейін экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін осындай құралға жүгінген болатын.
Жалпы, сыртқы қарыздан толық құтылу кез келген мемлекет үшін маңызды қаржылық кезең саналады. Демек, бұл арқылы ел қаржылық тәуелсіздігін арттырады, бюджетке түсетін қарыздық жүктемені азайтады және халықаралық рейтингтер мен инвесторлар сеніміне оң әсер етеді.
Десе де, "сыртқы қарыздан толық құтылдық" деген мәлімдеме көбіне нақты бір міндеттеме немесе облигациялық қарыздың өтелуіне қатысты айтылуы мүмкін.
Әдетте мемлекеттердің жалпы сыртқы қарызы әртүрлі қаржы құралынан тұрады.
Сондықтан, Моңғолияның бұл мәлімдемесі елдің барлық сыртқы міндеттемелері толық жабылды дегенді емес, нақты бір ірі қарыздың өтелгенін білдірсе керек-ті.


