Қазаққа туыс елдің мұғалімдеріне ақ халат кию міндеттелді

0
111

Жаңа талаптар 14 қыркүйекте басталатын оқу жылынан бастап елдің барлық 81 провинциясында қолданылмақ.


Қазаққа туыс елдің мұғалімдеріне ақ халат кию міндеттелді

Фото: cnnturk.com

ERNUR.KZ. Осылайша, Түркияның Білім министрлігі мектептерге қатысты жаңа ережелер енгізіп отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Арнайы нұсқаулыққа сай, мемлекеттік мектептердің мұғалімдері ақ халат киюге міндетті. Министрлік бұл талап мемлекеттік қызметтің беделін айқындау қажеттілігімен түсіндірген. Ережелердің сақталуын бақылау өңірлік білім басқармаларына жүктелмек.

Сондай-ақ, мектептердегі қауіпсіздік шаралары да басты назарға алынған. Білім беру ұйымдарының аумағы қатаң бақыланып, көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған қозғалыс бағыттары бөлінеді. Бұл ретте жарықтандыру мәселесі де оң шешімін табады.

Түркияның Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчидің сөзінше, ел бойынша мектептерді күзету үшін 30 мың қызметкерді жұмысқа алу жоспарланған.

Жаңа ережелер отбасы шығындарына да қатысты болып отыр. Мектептер енді ата-аналардан қымбат импорттық кеңсе тауарлары мен бөгде баспалардың оқулықтарын сатып алуды талап ете алмайды. Ең бастысы, отандық өнімдерге басымдық берілуі ескеріледі. Әрі Білім министрлігі бекітпеген емтихандарды өткізуге тыйым салынбақ.

Жаза кеткен жөн, Түркияның білім беру жүйесінде бастауыш және орта мектептерде 19 миллионнан аса оқушы бар.