​Канадада мектепте атыс болып, он адам қаза тапты

0
83

Атыс кезінде шабуыл жасауда күдікке ілінген әйелді қоса алғанда он адам қаза тапты.


​Канадада мектепте атыс болып, он адам қаза тапты

Фото: Anadolu Ajansi

ERNUR.KZ. Британдық Колумбияның Тамблер-Ридж қаласындағы мектепте болған атыс Канада халқын күйзеліске ұшыратты, деп жазады inform.kz.

Атыс кезінде шабуыл жасауда күдікке ілінген әйелді қоса алғанда он адам қаза тапты.

Полицияның мәліметінше, өмірге қауіп төндірмейтін жарақаттар алған шамамен тағы 25 адам ем алып жатыр.
ABC жазуынша, атыс Канаданың соңғы тарихындағы ең жойқын жаппай зорлық-зомбылық оқиғаларының бірі және 2020 жылғы елдегі ең жойқын атыс болды.
Атыс болған Тамблер-Риджде шамамен 2400 адам тұрады. Қала Ванкуверден солтүстікке қарай 1000 шақырымнан астам жерде орналасқан.
Канада премьер-министрі Марк Карни әлеуметтік желіде болған оқиға оны қатты күйзеліске ұшыратқанын жазды.
— Мен бүгін Британдық Колумбиядағы Тамблер-Риджде болған жан түршігерлік атыс оқиғаларына байланысты қатты күйзеліске түстім. Осы сұмдық зорлық-зомбылық салдарынан жақындарынан айырылған отбасылар мен достарына дұға тілеп, шын жүректен көңіл айтамын. Бүгін өмірі түбегейлі өзгерген жандармен бірге бүкіл канадалықтар аза тұтып отыр. Сондай-ақ өз азаматтарын қорғау үшін өмірін қатерге тіккен алғашқы әрекет етуші қызметкерлердің батылдығы мен жанқиярлығы үшін алғыс білдіремін. Қиын-қыстау сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білу — еліміздің ең асыл қасиеттерінің бірі. Бұл — біздің жанашырлығымыз, бірлігіміз және бір-бірімізге деген қамқорлығымыз. Мен көңіл айту үшін Премьер Эбимен, сондай-ақ федералдық деңгейдегі шараларды үйлестіріп отырған Қоғамдық қауіпсіздік министрі Гари Анандасангаримен байланысқа шықтым. Біздің ресми тұлғалар қауымдастыққа барынша қолдау көрсету үшін әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Канада Үкіметі осы ауыр қасіретке тап болған Британдық Колумбия тұрғындарымен бірге, — деді ол.
Белгілі болғандай, Канада премьер-министрі атысқа байланысты Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына жоспарланған сапарын тоқтатты.