Камчаткада бірнеше күшті жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланды

0
107

Құтқарушылар өңірдегі жағдайды бақылауда ұстап отыр.


Камчаткада бірнеше күшті жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланды

Фото: Shutterstock/Fotodom
ERNUR.KZ. 20 шілдеде Ресейдің Камчатка өлкесінде бірнеше қуатты жер сілкінісі тіркеліп, өңір тұрғындарына цунами қаупі туралы ескерту жасалды, деп жасады BAQ.KZ.

Алғашқы зілзала Петропавл-Камчатский қаласынан 150 шақырым жерде болған. Оның магнитудасы 5,3-ті құрады. Бұдан кейін 171 шақырым қашықтықта, жердің 13 шақырым тереңдігінде 6,5 магнитудалы тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Үшінші рет — Петропавл-Камчатскийден 115 шақырым жерде қуаты 7,6 балдық жерасты дүмпуі болды.

Ресей ТЖМ Камчатка өлкесі бойынша бас басқармасының хабарлауынша, цунами қаупі өңірдің бірнеше елді мекенінде жарияланған.

“Толқынның ең жоғары биіктігі Никольское ауылында күтілуде. Онда 0,29 метр биіктікке дейін жетуі мүмкін. Ал Усть-Камчатск елді мекенінде 0,19 метрге дейін көтерілу ықтималдығы бар , – делінген ресми хабарламада.

Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға биіктігі жоғары аумақтарға көшуге және жағалауға жақындамауға кеңес берді.

Құтқарушылар өңірдегі жағдайды бақылауда ұстап отыр.