Израильдің әрекетінен кейін Иран Ормуз бұғазын жауып тастады

0
103

Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды.


Израильдің әрекетінен кейін Иран Ормуз бұғазын жауып тастады

Фото: oxu.az

ERNUR.KZ. Израиль әскері келісімге қарамастан, Ливандағы Хезболлаға жойқын соққы беріп, салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты. Тегеран бұған жауап ретінде Ормуз бұғазын қайтадан жабуға бұйрық берді, деп жазады inbusiness.kz.

Шабуыл Тегеран мен Вашингтон арасындағы екі апталық бітім күшіне енген күні болды. Ислам революциясы сақшылары корпусымен байланысы бар Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні екі мұнай танкері Иранның рұқсатымен бұғаздан өткенімен, қазір қозғалыс толық тоқтаған. Бітім туралы келісімнің негізгі тармақтарының бірі Тегеранның Ормуз бұғазы арқылы кемелердің жүруіне қайтадан рұқсат беруі болатын. Бұл жаһан бойынша мұнай мен газ жеткізіліміндегі іркілістерді азайтып, бағаның шарықтауын тежейді деп күтілген.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бітім келісімінің Ливанға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бірақ келіссөздерде делдал болған Пәкістан бұл мәлімдемені жоққа шығарып отыр.

Ливан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Израиль жасаған әуе соққылары салдарынан кемінде 112 адам қаза тауып, 837 адам жарақат алған. Бұл ретте Израиль негізгі мақсаты ракеталық зымыран жүйелері мен барлау инфрақұрылымы болғанын алға тартты.