Израиль шабуылы кезінде Иран президенті зардап шекті

0
194

Бомбалаудан кейін ғимараттағы электр жарығы өшіп, сол сәтте жиналыс өткізіп жатқан адамдар, оның ішінде Президент Пезешкиан да шұғыл түрде эвакуацияланған.


Израиль шабуылы кезінде Иран президенті зардап шекті
Фото: BILD
ERNUR.KZ. Ирандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ел президенті Масуд Пезешкиан Израильдің әуе шабуылы салдарынан қаза таба жаздады, деп жазады inform.kz.

Fars агенттігінің мәліметінше, соғыс басталғаннан үш күн өткен соң, 16 маусым күні Израиль әскери-әуе күштері Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы кеңесімен байланысты нысанға әуе соққысын жасаған.

Бомбалаудан кейін ғимараттағы электр жарығы өшіп, сол сәтте жиналыс өткізіп жатқан адамдар, оның ішінде Президент Пезешкиан да шұғыл түрде эвакуацияланған. Бірнеше адам, соның ішінде Иран президенті де аяқтан жарақат алған.
Пезешкианның өзі бұл оқиғаны ирандық арнайы қызметтерден ақпараттың сыртқа шығуымен байланыстыруы мүмкін екенін айтқан. Fars агенттігі шабуылға қатысты Иран ішінде «жіберілген агент» нұсқасы да талқыланып жатқанын хабарлады.
Ирандық БАҚ-та шабуылдан кейінгі көрініс бейнеленген видео жарияланды. Кадрларда Тегеранның батыс бөлігіндегі тау баурайына жасалған соққылар көрсетілген — дәл сол жерде шабуылға ұшыраған кешен орналасқан. Израиль тарапы бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетелік Иран МАГАТЭ-мен жаңа форматта ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жазған едік.