Испания 8 тамыздан бастап Италиядан келетін жолаушыларды тексеруді күшейтеді

0
327

Мұндай шара Испанияның Сеута автономиялық қаласында жақында болған миграциялық дағдарысқа байланысты қабылданып отыр.


Испания 8 тамыздан бастап Италиядан келетін жолаушыларды тексеруді күшейтеді

Фото: elindependiente
ERNUR.KZ. Испания Италиядан келетін жолаушыларға әуежайлар мен порттардағы бақылауды уақытша күшейтеді. Ішінара тексерулер 8 тамызда басталып, 7 қыркүйекке дейін жалғасады, деп жазады kaz.inform.kz.

ElPaís газетінің мәліметінше, жолаушылардың жеке басын және азаматтығын растайтын құжаттары тексеріледі. Бұл шекараны толық жабуды білдірмейді, тек ішінара бақылау енгізіледі.

Мұндай шара Испанияның Сеута автономиялық қаласында жақында болған миграциялық дағдарысқа байланысты қабылданып отыр. Шілде айының соңында ондаған мың заңсыз мигрант Марокко аумағынан Сеутаға теңіз арқылы жүзіп немесе толқын тосқауылын жаяу айналып өтіп кірген.

Қауіпсіздікті күшейту үшін Сеутаға әскери қызметшілер жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, келген мигранттардың басым бөлігі кейін Мароккоға қайтарылған.

Сеутадағы оқиғалардан кейін Италия Испанияға қатысты Шенген келісімінің қолданылуын уақытша тоқтатты. Испания Сыртқы істер министрлігі бұл шешімді негізсіз деп атады.