Иранның солтүстігінде 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

0
142

Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.


Иранның солтүстігінде 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Иранның солтүстік бөлігінде магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.


Жерасты дүмпуі Гринвич бойынша 19 шілде күні сағат 21:37-де (Астана уақытымен 02:37) Шахруд қаласынан 44 шақырым солтүстік-батыста орын алған. Қаланың халқы шамамен 131 мың адамды құрайды. Зілзаланың ошағы жердің 7 км тереңдігінде орналасқан.

Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.