Иран Кувейттегі америкалық тікұшақ базасына соққы жасады

0
284

Соққылар салдарынан базадағы тікұшақтарды даярлау және жөндеу орталығы қатты зақымданған.


Иран Кувейттегі америкалық тікұшақ базасына соққы жасады

Фото: depositphoto.com

ERNUR.KZ. Иран қарулы күштері Кувейттің Аль-Адири ауданында орналасқан АҚШ-тың тікұшақ базасына соққы жасағанын Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

“ Бүгін таңертең ұшқышсыз ұшу аппараттары мен баллистикалық зымырандар қолданылған операция барысында Аль-Адири ауданындағы америкалықтардың тікұшақ базасына соққы жасалды , – делінген Иранның мемлекеттік телерадиосы таратқан мәлімдемеде.

КСИР дерегінше, шабуыл салдарынан базадағы тікұшақтарды даярлау және жөндеу орталығы, тікұшақтар мен ұшақтарға арналған жанармай резервуарлары, сондай-ақ базаның басқару ғимараты қатты зақымданған.