Иран ханшайымының үйлену тойы желіде резонанс тудырды: Ол еврей бизнесменге тұрмысқа шыққан

0
98

Үйлену тойы Парижде өткен.


Иран ханшайымының үйлену тойы желіде резонанс тудырды: Ол еврей бизнесменге тұрмысқа шыққан

Фото: instagram.com/pahlavicomms

ERNUR.KZ. Иранның соңғы шахы Реза Пехвелидің немересі Иман Пехвели еврей ұлтынан шыққан америкалық бизнесмен Брэдли Шерманға тұрмысқа шықты. Шерман дрон жеткізумен айналысатын компанияда қызмет етеді. Иран мен Израиль арасындағы жағдай ушыққан тұста бұл үйлену тойы қоғамда резонанс тудырды, деп жазады stan.kz.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, үйлену тойы Парижде өткен. Тойға екі жастың жақын туыстары, қалыңдықтың әкесі – Иранның тақ мұрагері Реза Пехвели, Иранның бұрынғы патшайымы Фарах Пехвели, Иранның көрнекті қайраткерлері қатысқан. Той парсы дәстүрлерімен астасқан заманауи еуропалық стильде өткен, еврей дәстүрлері де қолданылған.

Ерлі-зайыпты 2017 жылы ортақ достары арқылы танысқан. АҚШ-та дүниеге келген 31 жастағы Иман Пехлеви Нью-Йорктегі American Express компаниясында аға менеджер болып жұмыс істейді. Ал күйеу жігіт, шетелдік БАҚ мәліметтері бойынша, дрон жеткізумен айналысатын компанияда лауазымды қызмет атқарады.

Иман – 1979 жылғы Ислам революциясы кезінде биліктен тайдырылған Иранның соңғы шахы Мохаммад Реза Пехлевидің немересі. Оның әкесі Реза Пехлеви бұрын тақ мұрагері саналған, қазір ол отбасымен АҚШ-та тұрады және зайырлы және демократиялық Иранның жақтаушысы ретінде танымал. Ол Тегеранда бой көрсетпегенімен, үнемі елдегі қазіргі режимге қарсы шығып отырады.

Иман Пехлеви мен Брэдли Шерманның тойы "екі адамның ғана емес, мәдениеттердің, әлемдік дәстүрлердің тоғуысуы" деп бағаланғанымен, Иран мен Израиль арасындағы жағдайға байланысты қоғамда резонанс тудырды.

"Таяу Шығыста зымырандар ұшып жатқанда, Еуропала арабтар пен еврейлер шаңырақ құрып жатыр. Бұл бейбітшілік пен махаббат соғысты жеңеді деген үміт сыйлайды", "Тозақта қиылған неке", – деп жазған желі қолданушылары.