Иран Израильге ондаған зымыран атты

0
116

Иранның мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, шабуыл үшін шамамен 30 зымыран қолданылған.


Иран Израильге ондаған зымыран атты

ERNUR.KZ. Жексенбі күні таңертең Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Израильге қарай отызға жуық зымыранмен соққы жасады, деп жазады kaz.inform.kz.



АҚШ әскери-әуе күштері Иранның ядролық нысандарына соққы бергеннен кейін бірнеше сағаттан кейін қарымта шабуыл жасалды.

Иранның мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, шабуыл үшін шамамен 30 зымыран қолданылған.

Reuters куәгерлерге сілтеме жасап, Израильдің орталық бөлігінде бірнеше жарылыстың болғанын хабарлады.

AFP агенттігі Иерусалимде де жарылыстар тіркелгенін жазады.

Израильдің Kan телерадиокорпорациясы кем дегенде он зымыран соққысы жасалғанын растады.

Бұған дейін Иран жағы АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған шабуылын Батыс пен Израиль тарапынан болған ашық арандатушылық деп бағалап, жауап қайтаруға уәде еткен еді.

КСИР мәлімдемесінде бұл шабуыл Иран мен Израиль арасындағы шиеленісті толыққанды соғысқа айналдырғанын айтқан.

Кейінірек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі де Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, ядролық қарудың таралуына жол бермейтін келісім жасау қажеттігін атап өтті