Бұл қалада шамамен 100 мың адам тұрады.
Фото: Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы
ERNUR.KZ. Индонезияның Суматра аралында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inform.kz.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Солтүстік Суматра провинциясындағы Падангсидемпуан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 221 шақырым жерде орналасқан.
Бұл қалада шамамен 100 мың адам тұрады. Жер сілкінісінің ошағы 37 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ.


