Германияда жәрмеңкедегі жарылыстан 19 адам жарақат алды

0
260

Дюссельдорфтегі Rheinkirmes жәрмеңкесінде төтенше жағдай болды.


Германияда жәрмеңкедегі жарылыстан 19 адам жарақат алды

Фото: Freepik.com

ERNUR.KZ. Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан Rheinkirmes жәрмеңкесінде пиротехникалық жарылыс болып, 19 адам жарақат алды, деп жазады Azattyq Rýhy.


Пиротехникалық ракета бағытын өзгертіп, адамдардың жанына жарылған

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, отшашу зымыранының бірі бағытын күрт өзгертіп, жерге жақын жерде, көрермендердің арасында жарылған. Жергілікті полиция бұл жағдайды кездейсоқ оқиға ретінде қарастырып отыр.

Оқиға салдарынан төрт адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қалған 15 адам жеңіл жарақатпен медициналық көмек алды.

Rheinkirmes жәрмеңкесі Рейн өзенінің жағасында өтетін Германиядағы ең ірі бұқаралық мәдени іс-шаралардың бірі саналады. Жыл сайын оған 4 миллионға дейін адам келеді.