Бұл туралы Газаның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Фото: dailysabah.com
ERNUR.KZ. Биыл қыс Газа секторы үшін жығылғанға жұдырық болып тұр, деп жазады inbusiness.kz.
Қазірдің өзінде 17 адамға суық өтіп, көз жұмған. Оның төртеуі – бала.
Аймақта күн күрт суытты. Суық желдің ызғары мен толассыз жауған жаңбыр жұрттың мазасын қашырды. Әсіресе лагердегі жұртқа қиын. Баспанадан айырылған жүздеген мың адам қазір жұқа шатырларды паналап отыр.
Өңірде дәрі-дәрмек, жылы киім мен отын тапшы. Шатырда тоңған жұрт қолдан пеш жағып, жылынуға тырысады. Алайда, ыстан зардап шегеді.


