Газа секторында қысқы боран салдарынан кемінде 14 адам қаза тапты​

0
164

Құтқарушылар 13 үйдің толық немесе жартылай опырылуы туралы хабарламаларға дереу әрекет жасап, 52 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.


Газа секторында қысқы боран салдарынан кемінде 14 адам қаза тапты​

Фото: Armenia News

ERNUR.KZ Соңғы тәулікте Газа секторында болған қысқы боран салдарынан үйлер опырылып, көшіп келген отбасылар паналаған шатырлар суға толған. Соның салдарынан кемінде 14 адам қаза тапты, деп хабарлады жергілікті Азаматтық қорғаныс қызметі, деп жазады kaz.inform.kz.
Синьхуа агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қаза тапқандардың ішінде үш бала суықтан қайтыс болған.

Құтқарушылар 13 үйдің толық немесе жартылай опырылуы туралы хабарламаларға дереу әрекет жасап, 52 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Құтқару-қайта қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, өйткені анклавтың түкпір-түкпірінде 15-тен астам үй зақымданған.

Газа денсаулық сақтау органдары бораннан қаза тапқандар санының әлі де артуы мүмкін екенін ескертті.