Ердоған Трамппен Украина мәселесін талқылайтынын мәлімдеді

0
129

Ол 5 қаңтарда Трамппен телефон арқылы сөйлеседі.


Ердоған Трамппен Украина мәселесін талқылайтынын мәлімдеді

фото: ADEM ALTAN

ERNUR.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 5 қаңтарда американдық көшбасшы Дональд Трамппен, соның ішінде Украина мәселесі бойынша телефон арқылы сөйлесетінін жариялады, деп жазады sputnik.kz.
"Дүйсенбіде біз Трамппен телефон арқылы сөйлесеміз. Біз Палестина мәселесін де, Ресей мен Украина мәселесін де талқылаймыз", - дейді NTV арнасы.
Сондай-ақ, Ердоған Түркия СІМ басшысы Хакан Фидан Париждегі Украина бойынша "ниет білдірушілер коалициясының" кездесуіне қатысатынын мәлімдеді.