Таңертең жұмыс істеп жүрген ер адам күндіз жүрек талмасына ұшыраған.
Фото: Jam Press
ERNUR.KZ. Ұлыбритания тұрғыны жүрегі тоқтағаннан кейін 45 минуттан соң күтпеген жерден қайта оянды, деп жазады Stan.kz.
64 жастағы Стив Далтон қызы Кейтке үйдің ауласындағы балалар алаңын жинауға көмектесіп жүрген кезде өзін нашар сезінген. Таңертең жұмыс істеп жүрген ер адам күндіз жүрек талмасына ұшыраған. Жедел жәрдем дәрігерлері оны үш сағаттан астам уақыт реанимациялап, алты рет дефибриллятор қолданды. Дегенмен, олардың талпыныстарына қарамастан, қарт британдықтың жүрегін 45 минут бойы қайта соқтыра алмады. "Әпкеме "Әкеміз енді жоқ" деп хабарласуыма тура келді. Біз шынымен соған сендік. Бұл сезімді сөзбен жеткізу қиын", — деді Кейт. Ол анасы мен ағасымен бірге дәрігерлердің әрекетін бақылап отырған.
Далтон кома күйіне түсіп, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер туыстарына оның жүрегі қатты үлкейгенін және аман қалу мүмкіндігі екі пайыздан аспайтынын айтты. Сонымен қатар, оның миы қайтымсыз зақымданған болуы ықтимал екені хабарлады. Кешке отбасы үйге қайтқан. Кейттің айтуынша, үнемі дұға етіп, әр телефон қоңырауын жанұшыра күткен. Алайда таңертең Далтонның есін жиып келе жатқаны туралы хабар берілді.
"Оған тыныштандыратын дәрінің дозасын азайтты және дәл медбике түймені басқан сәтте ол кенеттен көзін ашты. Одан мені танып тұр ма деп сұрадым, ол басын изеді. Бұл бір ертегідей жағдай болды", – деп еске алады Кейт.