Ер адам отбасылық шығынды азайту үшін әйелімен бірге көңілдесінің үйіне көшіп алған

0
129

Ол сүйіктісіне үйленбей тұрып әйелімен бірге көшіп алған.


Ер адам отбасылық шығынды азайту үшін әйелімен бірге көңілдесінің үйіне көшіп алған

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ресейде махаббатқа емес, тұрмыстық пайдаға негізделген ерекше оқиға болды. Дағыстаннан келген жас жігіт баспана мәселесін шешу үшін мәскеулік бойжеткенмен қарым-қатынас орнатқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Tрreads желісіндегі hello_makhachkala парақшасындағы мәліметке сүйенсек, олардың арасындағы нағыз драма көшіп келгеннен кейін басталған.

Көп ұзамай жігіт «ауылдан қарындасым келе жатыр» деп сүйіктісінен оны үйіне кіргізуді сұрайды. Мәскеулік бойжеткен көмек қолын созып, қарсы болмайды. Алайда шындықтың беті көп ұзамай ашылады. Қарындасым дегені әлгі жігіттің ресми некедегі әйелі екені белгілі болады.

Айта кетерлігі, әйелі бастапқыдан-ақ күйеуінің көңілдесімен бірге тұратынын білген, бірақ екі жаққа да тиімді болсын деп, үнсіз келісімге барған. Яғни, бұл жұп бір пәтерде үшеулеп тұру арқылы пәтерақы мен шығынды қысқартпақ болған.