Жер сілкінісінің ошағы 11,1 шақырым тереңдікте орналасқан.
Фото: Анадолы
ERNUR.KZ. Жерасты дүмпулері 11 километрден астам тереңдікте тіркелді, деп жазады inform.kz.
Эгей теңізінде жергілікті уақытпен 01:54–те магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізі акваториясында болған. Жер сілкінісінің ошағы 11,1 шақырым тереңдікте орналасқан.
Еске сала кетейік, 8 шілде Астана уақытымен сағат 14:30-да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС Жамбыл облысында жер сілкінісін тіркеген болатын.