Экс-президент өткен аптада зәр шығару проблемаларының күшеюіне байланысты медициналық тексеруден өткен.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденге қуық асты безінің (простатаның) обыры диагнозы қойылды. Бұл туралы NBC News мәлімдеді, деп жазады baq.kz.
Байденнің кеңсесі таратқан ресми хабарламада көрсетілгендей, экс-президент өткен аптада зәр шығару проблемаларының күшеюіне байланысты медициналық тексеруден өткен. Тексеру нәтижесінде қуық асты безінде түйін анықталған.
Медициналық қорытынды бойынша, Байденге Глиссон шкаласы бойынша 9 баллдық (5-топ) қатерлі ісік диагнозы қойылды. Сонымен қатар, сүйек метастаздары бар екені белгілі болды.
Ауру агрессивті түрге жатқызылғанымен, дәрігерлер қатерлі ісіктің гормондық терапияға сезімтал екенін атап өтті. Бұл жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Байден мен оның отбасы емдеу нұсқаларын дәрігерлермен бірлесіп талқылап жатыр.
82 жастағы экс-президент биылғы жылдың басынан бері көпшілік алдына сирек шығып жүр. Соңғы рет ол сәуір айында сөз сөйлеп, бұрынғы президент Дональд Трамптың саясатына қатысты сыни пікір білдірген болатын.