Бұл соңғы пандемия емес - ДДҰ басшысы.
ERNUR.KZ. Әлем коронавируспен болған жағдайдан сабақ алып, жаңа пандемияға дайындалуы керек. Бұл туралы дүйсенбіде Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус айтты, - деп жазады тengrinews.kz.
"Бұл соңғы пандемия емес. Тарих бізге індет пен пандемия өміріміздің бір бөлігі екенін көрсетіп жатыр. Бірақ келесі пандемия келгенде барлық мемлекет оған дайын болуы керек", - деді ДДҰ басшысы.
Айта кетейік, ДДҰ басшысының мәлімдемесі ұйымның YouTube-каналында жарияланды.
Еске салайық, бүгінде әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 27 миллионнан асты, ал Қазақстанда науқастардың саны 106 425-ке жетті.