Полиция қызметкерінің айтуынша, ғимаратта тұратын адамдардың тек 10-ы ғана қауіпсіз жерге эвакуацияланған.
Фото: Анадолу
ERNUR.KZ. Чилидің оңтүстігіндегі қарттар үйінде өрт шығып, кемінде 16 адам қаза тапты. Оқиға жұма күні кешке болған, деп жазады inform.kz.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері мен медициналық бригадалар, сондай-ақ көршілес коммуналардың қызметтері жіберілген. Өрт сөндірушілер мен медицина мамандары зардап шеккендерге көмек көрсетіп, оларды ауруханаларға жеткізген.
Өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және жергілікті муниципалитет мамандары таңға дейін оқиға орнында жұмыс істеп, үйінділерді тазалаған және аумақты қоршауға алған.
Қазір өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.


