Ақтөбе облысында шахта жұмысшысы қаза тапты

0
93

Компания қаза болған қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетеді.


Ақтөбе облысында шахта жұмысшысы қаза тапты

ERNUR.KZ. Хромтауда вагондарды тіркеу жұмыстарын орындау кезінде жарақат алған жұмысшы қайтыс болды, деп жазады baq.kz.

Төтенше жағдай 29 қазанда ERG құрамындағы «Қазхром» компаниясының Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтасын болды.

Вагондарды тіркеу жұмыстары кезінде тау-кен жұмысшысы жарақат алды. Зардап шеккен қызметкер Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қолдан келген барлық шараны жасағанымен, қызметкердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, - делінген компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Компания қаза болған қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетеді.

Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылады. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы туралы қосымша ақпарат беріледі, - деп жазылған ресми парақшада.