БҰҰ әлемдегі азық-түлік бағасына қатысты алаңдатарлық мәлімдеме жасады

0
191

Азық-түлік бағасы 2022 жылғы қарашадан бергі ең жоғары деңгейге жетті.


БҰҰ әлемдегі азық-түлік бағасына қатысты алаңдатарлық мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Әлемде азық-түлік бағасы 2022 жылғы қарашадан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Қыркүйекте БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) азық-түлік бағалары индексі орта есеппен 136 пункт болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Oxu.Az ФАО есебіне сілтеме жасап жазғандай, бұл көрсеткіш 2022 жылы ғана жоғары болған. Сол кезде индекс наурыз айында шарықтап, 160,2 пунктке жеткен.

2025 жылмен салыстырғанда индекс 5,8%-ға, ал 2026 жылғы тамызбен салыстырғанда 1,5%-ға өскен.

Ең қатты қант (+6,1%), астық дақылдары (+5,1%) және өсімдік майы (+0,9%) қымбаттаған. Ал ет пен сүт өнімдерінің бағасы тиісінше 1,1% және 0,1%-ға төмендеген.

Бағаның өсуіне Қара теңіз бен Ормуз бұғазы аймағындағы логистикалық қиындықтар, сондай-ақ Еуропа, Солтүстік Америка және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ірі елдерде Эль-Ниньо құбылысына байланысты қалыптан тыс құрғақшылық себеп болған.

ФАО-ның бас экономисі Максимо Тореро әлемдік шикізат бағасының тұрақты әрі ауқымды өсімі байқалып отырғанын айтты. Оның сөзінше, бұл үрдіс жалғасатын болса, көп ұзамай тұтынушылар үшін азық-түлік бағасына қысым күшеюі мүмкін. Әсіресе азық-түлік пен энергия импортына тәуелді елдер бұдан көбірек зардап шегуі ықтимал.