Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмады

0
227


Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмады

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Іздеу жұмыстарына шамамен 130 адам, 10 техника, 8 кинологиялық есеп, 11 дрон және ТЖМ авиациясы жұмылдырылды, деп жазады baq.kz.

Алматының Медеу ауданында, Талғар асуы маңында Корея Республикасының азаматын іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

ТЖМ мәліметінше, іздеу таулы жер бедерінің күрделілігі мен аумақтың ауқымдылығына байланысты қиын жағдайда жүргізілуде. Құтқарушылар шатқалдар мен тау беткейлеріндегі жетуі қиын учаскелерді тексеріп жатыр.

Операцияға ТЖМ мен полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер тартылған. Барлығы шамамен 130 адам, 10 техника, 8 кинологиялық есеп, 11 дрон және ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.

Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жалғасып, ТЖМ бақылауында тұр.