Төменде жұлдыз белгілерінің жиі кездесетін, бірақ көп айтыла бермейтін кемшін түстарына шолу ұсынылған.
Сурет: ЖИ
Жұлдызнама бойынша болжам ішкі әлемімізді, мінезіміздің қыр-сырын түсінуге көмектеседі. Өзіңіздің әлсіз тұстарыңызды немесе басқалардың неліктен белгілі бір жағдайларда олай әрекет ететінін білудің пайдасы көп. Бұл ақпарат сізге айналаңыздағы адамдармен тіл табысуға, қателіктерді азайтуға және ішкі гармонияны табуға көмектесу үшін керек. Төменде жұлдыз белгілерінің жиі кездесетін, бірақ көп айтыла бермейтін кемшін түстарына шолу ұсынылған.
САРЫШАЯН мен ТАУЕШКІ – жиі күдіктенеді, ешкімге сенбейді
Бұл белгілердің өкілдері өмірге өте сақ қарайды. Олар кез келген жағдайдың астында жасырын қауіп тұр деп ойлауға бейім. Сондықтан адамдарға бірден сенбейді және олардың ниетінің шынайылығына көз жеткізу үшін ұзақ тексереді. Бұл қасиет оларды алданып қалудан қорғағанымен, кейде артық уайымға салып, жақын қарым-қатынас орнатуға кедергі жасайды.
МЕРГЕН мен БИКЕШ – аса уайымшыл, тым мазасыз
Бұл жандар үшін кішігірім мәселенің өзі үлкен проблемаға айналуы мүмкін. Олар үнемі «Егер олай болса ше?», «Егер бұлай болса ше?» деген сұрақтармен өздерін шаршатады. Мұндай ішкі мазасыздық белгі иелерінің шешім қабылдауын қиындатып, өмірден ләззат алуына кедергі келтіреді. Сабырлық сақтап, бәрін бақылауда ұстау мүмкін еместігін түсіну маңызды.
ТАРАЗЫ және ШАЯН – өзіне сенімсіз, көп жерде ыңғайсызданады
Таразы мен Шаян көбіне өз күшіне күмәнданып жүреді. Басқалардың пікіріне тым тәуелді, «Мен туралы не ойлайды?» деген ойдан арыла алмайды. Бұл оларды көпшілік ортада ыңғайсыз сезінуге немесе маңызды қадамдар жасаудан бас тартуға мәжбүрлейді. Өздерінің бірегейлігін түсініп, өзін-өзі бағалауды үйрену – бұл екі белгі үшін басты міндет.
ТОРПАҚ, СУҚҰЙҒЫШ, БАЛЫҚТАР – жақсылықтан үміттеніп, өзін алдаумен өмір сүреді
Бұл белгілер өмірдің тек жарқын жақтарын көргісі келеді. Олар қиындықтарды байқамауға тырысып, мәселе өздігінен шешіледі деп үміттенеді. Көбіне шындықты емес, өздері ойлап тапқан ертегідей әлемде өмір сүргенді жөн көреді. Мұндай оптимизм жақсы болғанымен, шынайы өмірдің соққылары алдында әлсіз етеді.
АРЫСТАН мен ТОҚТЫ – ықылас пен назарға тойымсыз, басқалардың бағасына тәуелді
Арыстан мен Тоқты табиғатынан көшбасшы және оларға басқалардың таңданысы мен қолдауы өте қажет. Жұрт назарында болғанды, мақтау естігенді және еңбегі бағаланғанын жақсы көреді. Егер жеткілікті назар аударылмаса, ренжіп, көңіл-күйлері түсіп кетуі мүмкін. Бұл тілегін түсініп, кішкене қолдау көрсету оларды бақытты етеді. Ал ешкім көңіл бөлмей, мақтау-мадақсыз қалса, өзін бақытсыз сезініп, еңсесін көңілсіздік басады.
ЕГІЗДЕР – тым импульсивті, асығыстықпен жиі қате шешім қабылдайды
Егіздер өте шапшаң және ойы тез өзгереді. Жиі эмоцияға беріліп, алды-артын ойламай шешім қабылдап қояды. Бұл оларды әртүрлі күтпеген оқиғаларға апарғанымен, кейде артынан өкінетін қателіктерге де соқтырады. Белгі иелері шешім қабылдар алдында сәл кідіріп, жан-жақты ойланып, жағдайды саралауды үйрену керек.
Бұл айтылғандар сіздің толық сипаттамаңыз емес, тек белгілі бір жағдайларда байқалуы мүмкін қырларыңыз ғана. Өзіңіздің және жақындарыңыздың осындай ерекшеліктерін білу өмірлік жағдайларды дұрыс бағалауға, түсіністікпен қарауға және өзіңізді дамытуға мүмкіндік береді. Бастысы, жұлдыз белгіңіз қандай болса да, өз өміріңіздің қожайыны – өзіңіз екенін ұмытпаңыз.
Аударған: Х. ОРАЛ,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
ӨЗІ туралы айтқанды жақсы көретін ЖҰЛДЫЗдар: кім бірінші орында?


