​Бразилияда БҰҰ-ның климаттық саммиті кезінде өрт шықты

0
60

Өрт шыққан павильоннан адамдар сыртқа шығарылған.


​Бразилияда БҰҰ-ның климаттық саммиті кезінде өрт шықты

Фото: thedailystar.net

ERNUR.KZ. Бразилияның Белен қаласында COP30 климаттық конференциясы өтетін жерде өрт тұтанды. Қуанышқа орай, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, деп жазады inform.kz.
Өрт шыққан павильоннан адамдар сыртқа шығарылған. Оқиға жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды толық сөндірген.
— Өрттің неден шыққаны тергеу барысында анықталады, бірақ мен оның қасақана жасалған қылмыс екеніне күмәнім бар, — деді Бразилияның туризм министрі Селсо Сабино.

Өрт конференциядағы талқылауларға барынша кедергісін келтірген, себебі келіссөздердің соңғы кезеңі жақындап қалған еді.

— COP30-дағы БҰҰ-ның климат жөніндегі жұмысын, халықтық пленарлық отырысты бұзып, келіссөздерге кедергі келтірген өрт, өкінішке қарай, айқын метафораға айналды, — деді АҚШ-тан келген белсенді Джес Веспонте.

Бұған дейін Бразилияның Белем қаласында климаттың өзгеруіне байланысты өткен БҰҰ-ның 30-шы конференциясында 12 елден тұратын топ климаттың өзгеруі туралы декларацияға қол қойғаны хабарланған.