"Бізде таңдау жоқ. Бұл – қажеттілік": Иран президенті астананы Тегераннан көшіруді ұсынды

0
49

Масуд Пезешкиан ел астанасын Тегераннан көшіру қажеттігіне тағы да тоқталды.


Фото: gazeta.uz

ERNUR.KZ. Оның айтуынша, мегаполис халқының шамадан тыс көбеюі мен су тапшылығы бұл шешімге итермелеп отыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Бізде таңдау жоқ. Бұл – қажеттілік", – деді Пезешкиан.

Ол халық санының одан әрі артуы жағдайында тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мүмкін болмайтынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, су тапшылығы тек Тегеранға ғана емес, Иранның бірнеше провинциясына да тән мәселе.

Соңғы 5 жылда елде жауын-шашын көлемі тұрақты түрде азайып келеді. Биылғы жылы Тегеранда жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейден 40% төмен болған.

Билік тағы да Тегеранды елдің оңтүстігіне – Оман шығанағына жақын орналасқан Макран аймағына көшіру идеясын қарап жатыр. Бұл өңірде стратегиялық маңызды Чабахар порты бар, оны Иран дамытқысы келеді. Алайда, ол да қиын болып отыр.

Себебі:

  • Макран аймағының инфрақұрылымы әлсіз;
  • Жоба үшін өте үлкен қаржы керек;
  • Ел экономикалық дағдарыс пен көпжылдық санкцияларды бастан кешіріп жатыр.