Республикалық қан орталығы бейжай қарамайтын азаматтарды зардап шеккендерге қолдау көрсетіп, адам өмірін сақтауға өз үлесін қосуға шақырады.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
ERNUR.KZ. Бішкектегі қарттар үйінде болған өртке байланысты Республикалық қан орталығы зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін донор қорының шұғыл толықтырылуы қажет екенін хабарлады, деп жазады inform.kz.
Орталықтың мәліметінше, мереке күндері донор қанының тапшылығы дәстүрлі түрде күшейеді. Себебі көптеген донор демалысқа кетіп, қан тапсыру пункттеріне сирек келеді, ал қанға деген сұраныс керісінше азаймай, арта түседі.
— Көмек көрсеткісі келетін азаматтар Бішкек қаласы, Шыңғыс Айтматов даңғылы, 60 мекенжайына жүгінуіне болады. Мереке күндеріндегі жұмыс кестесі: 7, 8 және 9 қаңтар — сағат 08:00–ден 14:30–ға дейін. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет. Қан тапсырардың алдында және сол күні майлы, қуырылған және сүт өнімдерін тағамнан алып тастау керек, — делінген хабарламада.
Республикалық қан орталығы бейжай қарамайтын азаматтарды зардап шеккендерге қолдау көрсетіп, адам өмірін сақтауға өз үлесін қосуға шақырады.


