​Бішкекте фаст-фудтан жаппай уланғандар анықталды

0
76

Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді.


​Бішкекте фаст-фудтан жаппай уланғандар анықталды

Фото: News.ru

ERNUR.KZ. Қырғызстан астанасындағы фаст-фуд дүкенінде жаппай тамақтан улану оқиғасы тіркелді, деп жазады inform.kz.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметінше, ел астанасында төрт баланы қоса алғанда, 17 адам зардап шекті. Олардың бәрі бір күн бұрын фаст-фуд дүкенінен шаурма сатып алған.

Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Он үш адам Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында стационарлық емдеуде, ал төртеуі амбулаториялық көмек алып жатыр.
Бішкек мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығының мамандары тамақтандыру мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізіп, зертханалық тексеру үшін ингредиенттер мен өнім қалдықтарының үлгілерін жинады. Анықталған бұзушылықтар үшін фаст-фуд дүкені жабылып, 41 000 сом айыппұл салынды.
Эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатып.