Бұл Батыс Еуропадан АҚШ-қа сапарлардың айтарлықтай азаюымен байланысты.
Фото: azertag.az
ERNUR.KZ. Еуропадан АҚШ-қа ұшатын әуе билеттерінің бағасы пандемия кезінен бері болмаған деңгейге дейін төмендеді, деп жазады inform.kz.
Бұл Батыс Еуропадан АҚШ-қа сапарлардың айтарлықтай азаюымен байланысты. Сарапшылар бұл төмендеу кем дегенде шілде айына дейін жалғасады деп болжанып отыр.
АҚШ Сауда министрлігіне қарасты Ұлттық саяхат және туризм басқармасының алдын ала деректеріне сәйкес, 2024 жылдың мамырында АҚШ-қа шетелден келушілердің саны өткен жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға азайған. Батыс Еуропадан келген туристер саны мамырда 4,4 пайызға кеміген.
OAG Aviation аналитикалық компаниясының деректеріне сүйенсек, болашаққа арналған болжамдар АҚШ-қа келетін рейстерге деген сұраныстың тұрақты түрде азаятынын көрсетіп отыр. Шілде айындағы шетелдік рейстерге жасалған броньдар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға азайған.
Трансатлантикалық әуе сапарлары бірінші тоқсаннан бастап азая бастады. Бұл АҚШ билігінің жаһандық сауда соғысын бастап, миграциялық саясатты қатаңдатуынан кейін еуропалықтардың АҚШ-қа сапарларына қайта қарауымен байланысты. Сонымен қатар, доллар бағамының күшеюі де кейбір туристерді шетелге шығудан тежеген.
Cirium компаниясының талдауына сәйкес, 2024 жылдың бірінші тоқсанында АҚШ пен Еуропа арасындағы 50-ден астам бағыт бойынша эконом-класс билеттерінің орташа бағасы өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға арзандаған. Атланта (Джорджия штаты) мен Лондон арасындағы рейстер тарифі 55 пайызға төмендеген.
Саяхаттарды брондауға арналған Hopper қосымшасы жазғы маусымда АҚШ пен Еуропа арасындағы екі жақты рейстер билеттерінің бағасы былтырғыға қарағанда 10 пайызға азайғанын хабарлайды. Орташа билет бағасы 817 доллар болып, 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгеймен теңесті.
Америкалық тұтынушылар тиімді ұсыныстарды іздеп, сапар күні жақындағанша шешім қабылдауды кейінге қалдырғандықтан, Еуропа тарапынан сұраныстың азаюы саяхаттардың арзандауына қосымша әсер етіп жатыр.